Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды
Әлеуметтік желіде күндіз көшеде пышақпен жүрген ер адам түсірілген видео таралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда Павлодар қаласының полициясына Академик Сәтбаев көшесіндегі сауда үйдің жанында ер адамның пышақпен жүргені туралы хабарлама түскен.
— Аталған факті Павлодар қаласының Солтүстік полиция басқармасында тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді, — деп хабарлады департаментте.
Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізді. Оның мас күйінде болғаны анықталды. Полиция оны уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізді. Тексеру жүргізілуде.
«ЭЛЕКОР» күзет агенттігінде Жеңіс алаңы, 25 мекенжайы бойынша «Туман» мекемесінен шақырту түскенін хабарлады. Оқиға орнына келген жедел әрекет ету тобы келушілер арасында суық қару қолдану арқылы жанжал туындағанын анықтаған.