Павлодарда он жасар қыз жоғалып кетті

Павлодарда он жасар қыз жоғалып кетті

Ол мектептен шыққаннан кейін үйіне оралмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Vita" еріктілер жасағының мәлімдеуінше, Жанерке Бураханова 2013 жылы 23 тамызда дүниеге келген.

- Жанерке 17 сәуір күні, сағат 12:30-да Салтыков-Щедрин көшесінде орналасқан мектептен шыққаннан кейін оралмаған. Бойы 150 см шамасында, қоңыр көзді, - делінген хабарламада.

Оқушы қыздың үстінде қара куртка, қара шалбар мен ақ спорттық аяқкиім және өзімен бірге ақ түсті шоппері болған.

Жоғалған қызды көрген-білгендер немесе ақпарат естігендер болса, 8 747 615 5563 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмеріне хабарласуды сұрайды.