Екібастұзда құтқарушылар қарт әйелге көмектесті

Ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқару қызметінің мамандары пәтерде құлап, есікті өз бетінше аша алмай қалған қарт әйелді құтқарып қалды.
Көмекті қарт адамның әлеуметтік қызметкері шақырған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар полиция қызметкерлері және әлеуметтік қызметкердің қатысуымен жедел әрекет етті. Олар жылжымалы баспалдақты пайдалана отырып, пәтерге балкон арқылы кірді.
Пәтерге кірген кезде құтқарушылар кіреберісте 1934 жылы туған әйелдің еденде құлап жатқанын анықтады.
Құтқарушылар дереу пәтердің есігін ішінен ашып, зардап шеккен қарт әйелді оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасына тапсырды.