Павлодарда психологтары мықты мектептер аталды
«Жылдың үздік психологі» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараның мақсаты – шығармашылық қызметті қолдау, түрлі деңгейдегі байқауларға қатысу, жұмыс тәжірибесін зерделеу. Байқауға қатысу үшін 13 педагог-психолог өтінім берген. Олардың екеуі – еңбек өтілі үш жылға дейін, үшеуі – үш-жеті жылға дейін, сегізі – жеті және одан да жоғары еңбек өтілі бар ұстаздар.
– Байқау шарттары бойынша қатысушылар авторлық бағдарламалар, бейнематериалдар, практикалық түзету сабақтарын, шеберлік сағаттарын, психологиялық тренингтер ұсынды. Авторлық түзету- дамыту бағдарламаларын, психология бойынша элективті курс бағдарламаларын таныстырды, – дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Нұрахметова.
Байқау қорытындысы бойынша жеті қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Олар қараша айында республикалық байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.
Ш. Шөкин атындағы гимназия-мектебінің педагог-психологі Наталья Малютина, № 24 ЖОМ педагог-психологі Алмагүл Байсадуова, № 33 ЖОМ педагог-психологі Гүлсағира Өміржанова І орын иегерлері атанды.
Номинация иегерлері үш қатысушы болды. Олар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.