Павлодарда «Qazaq Capriccio» студенттік симфониялық оркестрдің концерті өтеді

Іс-шара Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің концерт залында бүгін сағат 19:00 болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Концерт бағдарламасында – студенттердің жоғары орындаушылық деңгейі мен шығармашылық жетістіктерін көрсететін, классикалық және қазіргі заманғы музыка туындылары орындалады. Оркестр, талантты жас музыканттардан тұрып, тәжірибелі педагогтар мен дирижерлердің жетекшілігімен әртүрлі дәуірлер мен стильдерді қамтитын музыкалық шығармаларды ұсынуға дайын.
– Концерт – бұл студенттер үшін өз жетістіктерін көрсету ғана емес, сонымен қатар оркестрлік өнерді дамытуда музыкалық дәстүрдің бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, колледждің музыкалық өміріндегі маңызды оқиғасы, бұл студенттер мен оқытушылардың және қала тұрғындарының арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Бұл ретте, барлық музыка мен өнер сүйер қауымды осы ұмытылмас концертке шақырамыз, – деді ұйымдастырушылар.
Музыкалық колледжде симфониялық оркестр концерті өткізілуіне орай, өнер мен музыка әлеміндегі жарқын тұлғалар боп есептелінетін қарағандылық Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің дирижері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі Абылқайыр Сағымбаев пен дарынды музыкант және орындаушы Рысты Рахымжан, алматылық көрнекті музыкант және дирижер Адлет Сексенов пен ҚР Тұңғыш Президенті қорының стипендиаты, мәдениет және білім беру саласындағы белсенді музыкант Аршат Шәріп арнайы шақырылды.