Павлодарда мәдениет сарайының сырты жаңартылады

Павлодарда мәдениет сарайының сырты жаңартылады
Фото: Константин Шелков

Әкімдікте жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Естай атындағы мәдениет сарайының сыртын жаңарту туралы сұраққа Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құжаттар дайын болғаннан кейін жөндеуді қаржыландыруға уәде берді.

– Мен бұл барлық маңызды іс-шаралар өтетін негізгі ғимараттардың бірі екеніне келісемін. Қала әкімімен концерт залы, қабылдау залы бар заманауи конгресс-холл салу керек екендігі талқыланды, бірақ бұл  –  ірі жоба, оны тек 2026 жылы іске асыру басталуы мүмкін, – деді аймақ басшысы.

Асайын Байханов аталған жобалармен қатар көркем гимнастика сарайын, мұз айдындарының екі түрі бар үлкен мұз аренасын, сондай-ақ Усолка арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі мен Ертіс арқылы өтетін автокөпір салу жоспарланғанын еске салды.

Айта кетерлігі, биыл 13 көшеде 33,5 шақырым жол төселді. Сонымен қатар, жеке сектордың тоғыз көшесінде және Горторг шағын ауданында ұзындығы 6,8 шақырым жолдарда асфальт төселді. Келесі жылы қалада 14 көшеде 44 км жолды асфальттау қарастырылған.

Еске сала кетейік, кездесу барысында Достық шағын ауданында мешіт салынатыны туралы айтылды.