Павлодарда шыбын-шіркейді улауға жаңа құрылғылар сатып алынады
Қала әкімі Ержан Иманзайыпов мердігер ұйымға улау жұмыстарына қажетті жаңа құрылғылар сатып алуды 10 сәуірге дейін тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Шаһар басшысы шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялық жұмыстарға дайындықтың қалай жүріп жатқанын тексеріп, өңдеудің кезеңдерімен танысты.
– Биылғы жылы масалар мен шіркейлерді улау бойынша 8,5 мың гектардан астам аумақты өңдеу жоспарлануда. Қала көлемінде осы жұмыстарға «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС жауапты. Дернәсілдерді жою үшін «Биорин», «Авицин», «Фоби», «Бактицид» химиялық препараттары қолданылады, – деп жазды Ержан Иманзайыпов Іnstagram әлеуметтік парақшасында.
Өңдеу кезеңдерінің алғашқы қадамдардың бірі - жертөлелерді өңдеу.
Қала әкімі Ак. Марғұлан көшесі, 99 және Толстой көшесі, 90 мекенжайларына барып, әріптестеріммен бірге тұрғын үйлердің жертөлелерін қарады. Қызмет көрсетуші ұйымдарға барлық жертөлелерді кептіруді және тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берілді. Сондай-ақ, аталмыш аулалардың тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстарын тыңдады.
Тұрғындардың өтініші бойынша Ак. Марғұлан көшесі, 99 үйдің ауласындағы шұңқырларды жөндеу жүргізіледі. Толстой көшесі, 90 мекенжайында жаңа ойын алаңын орнату жоспарлануда және ағаштарды санитарлық кесу жүргізіледі.
Айта кетерлігі, қызмет көрсететін ұйымдар үй маңындағы аумақтарды таза ұстауы қажет. 1 сәуірде Павлодарда қаланы тазарту және абаттандыру басталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram