Павлодарда автомобиль жабдықтарын шығаратын зауыт сертификаттар алды
«Темірмаш» – Қазақстандағы арнайы мақсаттағы автомобиль жабдықтарын шығаратын жетекші зауыттардың бірі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Атамекен» ҰКП баспасөз қызметінің мәліметінше, дайын өнімді дайындаудан бастап, шығаруға дейінгі өндірістік циклі аяқталған машина жасау кәсіпорны өнімінің 23 түріне СТ.KZ және өнеркәсіптік сертификаттар алды. Бұл құжат облыстық кәсіпкерлер палатасынан берілді. Құжат магистральдік құбырлар, жүк-жолаушылар және краноманипуляторлық қондырғылары бар борттық автомобильдер, жылжымалы шеберханалар мен зертханалар (оның ішінде электрохимиялық қорғау зертханаларын), автосамосвалдар, сондай-ақ автомобиль гидравликалық көтергіштерін, вакуумдық автоцистерналар, борттық екі осьті тіркемелер, бір шөмішті экскаваторлар мен басқа да атауларды шығаруға, жөндеу агрегаттарын өткізуге арналған.
– Кәсіпорын басшылығы басқа зауыттармен серіктестік қарым-қатынастарын жүйелі түрде жүргізеді. Өндірістік кешен Павлодар қаласында орналасқан. Зауыттың өндірістік қуаты ауқымды өнім шығаруға есептелген және заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталған, – дейді палатада.
Сонымен қатар, зауыт магистральдік құбырларды жөндеу қондырғыларын, айналмалы автобустарды, дәнекерлеу қондырғысы бар авариялық жөндеу машиналарын, жылжымалы техникалық көмек машиналарын, қар мен батпақтан өтетін көліктерді, мұнай конденсатын жинауға арналған көліктерді, «ТАТРА» экскаваторларын және т.б. шығарады.
«ТЕМІРМАШ» ЖШС 2010 жылы 9 қарашада құрылған. Аз уақыт ішінде Қазақстандағы арнайы мақсаттағы автомобиль жабдықтарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың біріне айналды. Компания бәсекеге қабілетті нарықта өз өнімдерін сенімді өндіруші және жеткізуші бола білді.