Павлодарда субұрқақтар жаз басталарда қосылады
Бүгінде оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында жазды.
– Бүгін таңертең Орталық жағалауды абаттандыру жұмыстарының барысын тексердім. Жол төсемдерін, гүлзарларды, баспалдақтарды, шағын архитектуралық мүсіндерді және жарықтандыруды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сатылы субұрқақты қалпына келтіру жұмыстарының сапасын қарап шықтым. Оны 1 маусымға дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз,– деді ол.
Шаһар басшысы барлық жөндеу жұмыстарын тезірек, ең бастысы, тиісті сапада аяқтауды тапсырды.