Павлодарлық маман: Статистика саласына өзгерістер енгізілді
Енді кәсіпкерге қойылатын талаптар күшейтілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Жақан Жәкенов мәлім етті.
– Мәселен, бұған дейін кәсіпкерлер айлық, тоқсандық есептерін кешіктіретін болса біз хаттама толтыратынбыз. Ол хаттамада кәсіпкерге қосымша екі күн берілетін. Аталмыш өзгерістер бұл жағдайды да қарастырған. Енді кәсіпкерлер кешіккен жағдайда бірден әкімшілік іс қозғалады, – дейді Жақан Жәкенов.
Айта кету керек, егерде кәсіпкер бұл қателікті қайталайтын болса айыппұлдың көлемі ұлғаяды. Аталмыш заң бұзушылық болса жеке кәсіпкерлерге 10 АЕК, кіші шаруашылық иелеріне – 14 АЕК, орта шаруалықтарға – 20 АЕК, үлкен шаруалықтарға 120 АЕК айыппұл салынады.
– Көбіне жеке тұлға, кіші шаруашылық иелері есепті кешіктіріп, немесе ұмытып кетіп жатады. Үлкен шаруалар болса бұндай заң бұзушылыққа жол бермейді. Соңғы рет үлкен шаруашылықтың осындай заң бұзуы 2015 жылы болған. Онда кәсіпкер айыппұл төлеген болатын, – дейді спикер.
Сонымен қатар, балық шаруашылығы, мұнай саласында, қаржылық нарық, заңды тұлғаларды тіркеу салаларына өзгерістер енгізілді.