Павлодарда жол жөндеу маусымы аяқталды

Павлодарда жол жөндеу маусымы аяқталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл 20-дан астам магистральдық көше жөнделді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

— Биыл облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен Павлодарда қала тарихындағы ең ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселе, ағымдағы жылы 23 магистральдық көше жөнделді. Олардың жалпы ұзындығы 44,6 шақырымды құрайды. Көшелердің басым бөлігі тұрғындардың өтініші бойынша жөндеуден өтті, - деді қала әкімі.

Шаһар басшысының айтуынша, жол жөндеу кезінде жаңа технология кеңінен қолданылған. Атап айтқанда, шиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон төселді. Бұл материал беріктігімен және жоғары жүктемеге төзімділігімен ерекшеленеді.

Айта кетелік, негізгі жұмыстар жоспарланған мерзімнен бұрын, шілде айында аяқталды.