Павлодарда суға кеткен ер адамның денесі табылды

Павлодарда суға кеткен ер адамның денесі табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар күн сайын екі жүзу құралында жұмыс істеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу қосылды. Сүңгуіршілер күн сайын екі жүзу құралында жұмыс істеді. Сонымен қатар Ертіс өзенінің түбін эхолот көмегімен сканерлеу жүргізілген.

– 24 шілдеде суға батқан адамның денесі оқиға орнынан 20 шақырым жерден, төменгі ағыс маңайынан табылды. Құтқарушылардың жұмысын су астындағы қатты ағын мен нөлдік көріну  қиындатты, – дейді департаментте. 

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 20 шілдеде орын алды. 1973 жылы туған ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен және куәгерлердің айтуынша, мас болған.