Павлодарлық студенттер IT саласында дағдыларды қалай дамыту керектігін үйренді

Павлодарлық студенттер IT саласында дағдыларды қалай дамыту керектігін үйренді
pexels.com

"Касперский зертханасының" өкілдері Торайғыров университетіне барып, студенттермен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Kaspersky Cyberday жиынына 250-ден астам адам жиналды. Іс-шараға студенттерден басқа жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, IT-мамандар қатысты. Кездесуде ІТ-кадрларды даярлау үдерісіндегі заманауи сын - қатерлер, сондай-ақ бизнес және өнеркәсіптік ортадағы киберқауіпсіздік стратегиялары талқыланды. Қатысушыларға киберқауіпсіздіктегі мансаптық перспективалар туралы айтылды, IT саласында жұмыс істеу үшін кәсіби дағдыларды дайындау және дамыту бойынша кеңестер берілді.

- Павлодарда ақпараттық технологияларға белсенді қызығушылық танытатын талантты жастар өте көп. Сондықтан біз бүгін студенттермен киберқауіпсіздік туралы біліммен бөлісу үшін жиналдық. Жуырда ел Президентінің 2025 жылға қарай Қазақстанда 100 мыңға жуық жоғары білікті айтишниктерді оқыту қажеттілігі туралы айтты. Өз тарапымыздан студенттерді республиканың түрлі қалаларында оқытамыз. Бұл біздің қазақстандық қоғам алдындағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіміз, - деді "Касперский Зертханасының" мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджері Қайыржан Әбдірахманов.

Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев облыста жастардың ІТ саласына деген қызығушылығын арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.