Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесіне үш ауданның тауар өндірушілері қатысады

Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесіне үш ауданның тауар өндірушілері қатысады
Фото: ашық дереккөзден

Дәстүрлі жәрмеңке 18 қараша күні "Jailau" базарында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласының ауылдық аудандардың тауар өндірушілері қатысады.

- Жәрмеңкеге әкелінетін тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Сатылым Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) өтеді.