Павлодар облысында мамырдың соңғы аптасында жауын жауады

Жексенбіге қарай күн ыси бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 27 мамырда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, күндіз батысында,оңтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1...+6°С, аймақтың солтүстігінде 2 градусқа дейін аяз, ал күндіз +9...+14°С болады.
28 мамырда түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Сынап бағанасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +13...+18°С-ты көрсетеді.
29 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады. Ауа температурасы түнде +7...+12°С, ал күндіз +19...+24°С-қа дейін көтеріледі.
30 мамырда да жауын күтіледі. Сынап бағанасы түнде +9...+14°С, ал күндіз +21...+26°С-ты көрсетеді.
Жаздың алғашқы күнінде күндіз жаңбыр, найзағай, облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +23...+28°С, облыстың солтүстігінде +20°С-ты көрсетеді.