Павлодар облысында Динара Наумова қоғамдық қабылдау өткізеді
2024 жылдың 30 шілдесінде Павлодар облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Respublica партиясы Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, Мәжіліс депутаты сапар барысында қоғамдық қабылдау өткізеді. Қабылдауға өңір тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлер қатыса алады.
Қабылдауға жазылу немесе анықтама үшін +7 (707 )996 0302 нөміріне хабарласуға болады.