Павлодарда табысты спикер болудың сырлары ашылады

Павлодарда табысты спикер болудың сырлары ашылады
Фото: pexels.com / Werner Pfennig

Қатысушылар көпшілік алдында сенімді сөйлеу мен өз ойын тиімді жеткізу тәсілдерін үйренеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, 14 қазан күні сағат 16:00-де «Шешендік өнер» тақырыбындағы шеберлік сыныбы өтеді.

Сен өз ойыңды сенімді жеткізіп, көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйренгің келе ме? Онда бұл мастер-класс дәл саған арналған! Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларыңды жетілдіріп, табысты спикер болудың құпияларын біл! – деді ұйымдастырушылар.

Мастер-класты педагог-зерттеуші, Speak онлайн мектебінің негізін қалаушы Шұғыла Сүлейменова жүргізеді.

Іс-шараның өтетін орны: Ломов көшесі, 38.