Павлодарда тиісті құжаттарсыз шырша сатушы жазаланды

Павлодарда тиісті құжаттарсыз шырша сатушы жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Рейдтер облыс бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15-31 желтоқсан аралығында «Шырша» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізілуде.

Рейд барысында жас шыршаларды сату бойынша 18 заңбұзушылық анықталды. Осы жағдайлардың бірі Павлодарда тіркелді.

– Сауда үйлерінің жанында жергілікті атқарушы органның тиісті құжаттарынсыз шыршалар сатылып, қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған. Сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді департаментте.

Естеріңізге сала кетейік, облыстағы табиғи қорықтардағы шыршаларды кесуге тыйым салынған. Тәртіп бұзушы бір шырша үшін 58 980 теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Ал қылмыскерге салынатын айыппұл 11 796 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.