Павлодарда түн ішінде жылаған балаларды полиция тыныштандырды
Балалардың ата-аналары Наурыз мейрамын тойлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұқар жырау көшесі, 12 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары түн ішінде көршілерінің тыныштықты бұзғанына шағымданған.
«Сағат 02.45-те тұрғындар полицияға қоңырау шалды. Пәтер иесінің достары келіп, тойлағаны және көршілердің шуды тоқтату туралы өтініштерін елемегені анықталды. Сондай-ақ тағы бір жағдайда балалар қатты жылаған. Мазасы кеткен көршілердің бірі полицияға қоңырау шалған. Полицейлер балалардың ата-аналары мерекені атап өтіп, ұйықтап қалғанын анықтады. Ал балаларды жатқызуды ұмытып кеткен, – дейді департаментте.
Құқық бұзушылар тыныштықты бұзғаны үшін сағат 22.00- ден 09.00-ге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полицейлер олармен мұндай жағдайлардың алдын алу туралы алдын алу әңгімесін жүргізді.
Айта кетерлігі, бір тәуліктің ішінде облыс полициясына тыныштықты бұзу фактісі бойынша 29 шақыру түскен. Тәртіп сақшылары шақырудың барлық жағдайларын анықтап, әрбір бұзушыға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Биыл полиция облыста түнгі уақытта тыныштықты бұзған 1200-ге жуық тұрғынды анықтады.