Павлодарда тұрақтандыру қорының 143 сауда орны жұмыс істейді
Аталмыш қор азық-түлік бағасын төмендетуге үлес қосып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, күнделікті негізде Павлодар қаласының бөлшек сауда желісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіледі.
Сондай-ақ, Павлодар қаласының бөлшек сауда желісінің басшыларымен рұқсат етілген сауда үстемесінің сақталуы бойынша өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15 пайызынан аспайтын түсіндіру жұмыстары атқарылуды.
Бүгінде қалада тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Бұл тауарлардың жеті атауына қатысты: қарақұмық жармасы – 143 теңге; «Жандос KZ» ЖШС бірінші сұрыпты бидай ұны – 159 теңге; тұз – 60 теңге; макарон өімдері – 275 теңге; қант – 451 теңге; с1 санаттағы тауық жұмыртқасы – 528 теңге; картоп – 104 теңге.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтеруге жедел ден қою үшін бөлімде +7 7182209171, +77182 320730 жедел желілерінің телефоны жұмыс істейді.