Павлодарда төрт ауданның тауар өндірушілері келеді

Олар өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
11 қазанда Торговая көшесі, 2А құрылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Оған Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.