Павлодарда қызыл түсті елемеген жүргізуші жазаланды

Ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жыл басынан бері бағдаршамның тыйым салу сигналына өткені үшін 40-қа жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.
– Назарбаев даңғылымен «Mercedes-Benz» автомашинасының жүргізушісі тыйым салу сигналын елемей, бағдаршамның қызыл түсіне өтті. Жүргізушіге қатысты полицейлер 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлады департаментте.
Полицейлер әрбір жүргізуші бағдаршамның міндеті қозғалысты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін еске салады.