Павлодарда Төтенше жағдайлар министрімен кездесу өтеді

Павлодарда Төтенше жағдайлар министрімен кездесу өтеді
Фото: Константин Шелков

Шарадан кейін азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

15 маусымда сағат 15:30-да Павлодар қаласының Достық үйінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин  тұрғындармен  кездесуі өткізеді. 

Министрдің халықпен кездесуіне өзі қатыса алмайтын азаматтар сұрақтарын  «Е-otinish» жүйесі арқылы қоя алады. 

Өтініштерді тіркеу кезінде «Халықпен кездесу» тақырыбын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін қалдыру қажет.