Павлодарда волейболдан оқушылар арасындағы облыстық жарыс аяқталды

Павлодарда волейболдан оқушылар арасындағы облыстық жарыс аяқталды
Фото: Константин Шелков

Бұл додада 10-нан астам команда бақ сынасты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 2010 жылы туған және одан кіші жастағы ер балалар арасында волейболдан облыс чемпионаты аяқталды.

Жарыста Павлодар облысының аудандары мен қалаларындағы спорт мектептерінен 12 команда өнер көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша, баянауылдық спортшылар қола жүлде иеленсе, екінші орынға Екібастұз қаласының БЖСМ оқушылары табан тіреді. Ал №2 ОРМБЖМ оқушылары жарыс жеңімпаздары атанды.