Фартов бар да, фарт жоқ: «Pavlodar» тағы да екі сағаттық шайқасқа түсті

Фартов бар да, фарт жоқ: «Pavlodar» тағы да екі сағаттық шайқасқа түсті
Фото: Deutscher Volleyball-Verband

Өкінішке орай, оның нәтижесі көңіл көншітпеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Талдықорғанда волейболдан ерлер командалары арасындағы Ұлттық лиганың үшінші тур ойындары жалғасуда. Алаң иелеріне қарсы триллерден кейін павлодарлықтар «Таразды» 3:0 есебімен жеңді. Демалыс күндері павлодарлық команда үшін турнир кестесіндегі көршілерімен тартысты айқастардың уақыты болды.

Біріншіден, Сергей Грибовтың шәкірттері Алматының «Буревестник» командасымен кездесті. Командалар алма-кезек жеңіске жетті. Шешуші бесінші сетке павлодарлықтардың күші таусылса керек: 12:6 – «Буревестниктің» жеңісі. Келесі күні павлодарлықтар «Атыраумен» ойнады. Мұнда да кездесудің тағдыры тек тай-брейкте шешілді.

Тартысты бірінші сетті 29:27 есебімен батысқазақстандықтар жеңсе, келесі екі сетте павлодарлық команда жеңіске жетті – 25:20, 25:20. Бұл жолы жерлестеріміз жеңіске жетеді деген сенім басым болды. Командалар төртінші сетте жан алысып – жан берісті, бірақ 20 ұпайлық межені бағындырғаннан соң атыраулықтар ойын тізгінін қолға алды. Таблодағы есеп 24:22 болғанда Максим Мищенконың шабуылын атыраулықтардың қос блокты қарсы алды да, доп павлодарлық жаққа түсті. Дегенмен, қайталаудан соң төрешілер ұпайды шабуылдаушы командаға берді.

Алайда, бұл төртінші сетте атыраулықтардың жеңісін сәл ғана шегіндірді. Келесі эпизодта батысқазақстандық ойыншы Иван Никишин Павлодарға қарай қатты соққы жасады, доп аутқа қарай ұшып бара жатып, жолай павлодарлық либоро Роман Фартовтың жолын кесті. Павлодарлық допты айналып өтуге қанша тырысқанымен, снаряд оның қолына тиіп, алаңға түсті – 25:23.

Тай-брейкте «атыраулықтар» психологиялық басымдыққа ие болды, оны мұнайшылар 15:12 есебімен жүзеге асырды. Нәтижесінде павлодарлықтардың үшінші мәрте тай-брейкте ұтылды.

Сергей Грибов шәкірттерінің ел чемпионатының аутсайдерлері «Есіл СК» және «Ұшқынға» қарсы екі кездесуі қалды. Матчтар 28 және 29 қаңтарда өтеді. Оларды Қазақстан волейбол федерациясының ресми YouTube арнасынан көре аласыздар. Басталуы тиісінше 16.00 және 13.00.