Павлодарлық суретші дербес көрмесін ашады
Экспозицияда 50-ден астам кескіндемелік және графикалық жұмыс ұсынылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
16 шілде күні сағат 16:00-де Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Лариса Кузнецованың дербес көрмесінің ашылуы өтеді.
Ол 1970 жылы Павлодарда дүниеге келген. 2015 және 2016 жылдары Үндістан мен Сербиядағы акварель бояуларының халықаралық көрмелеріне, 2024 жылы Астанада өткен «Менің елімнің бейнесі» атты ХІ Халықаралық педагогтар көрмесіне қатысты.