Павлодарда 2-6 тамыз аралығында ыстық су тоқтатылады

Бұл – жылу желілеріне жүргізілетін гидравликалық сынақтарға байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарские тепловые сети» ЖШС «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-нан электр қуатымен қамтамасыз етілетін Солтүстік желілік ауданда жөндеуден кейін жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізеді.
– Осыған байланысты көрсетілген мерзімде Солтүстік желілік аудан, Қамзин, Малайсары батыр, Естай, К. Нұркин, Ак. Марғұлан, Астана, Набережная, Олжабай батыр, С. Торайғыров, С. Нұрмағамбетов көшелері, сондай-ақ Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, Химгородок пен Лесозавод кентіндегі тұрғын үйлерде ыстық су уақытша тоқтатылады, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.
Сынақтар кезінде жылу желілері өтетін жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау сұралады.
Сынақтар аяқталғаннан кейін ыстық су кезең-кезеңімен қайта қосылады. Ақау анықталмаған үйлерге ыстық су 3-5 күн ішінде желілерді толтыру кестесіне сәйкес беріледі. Ақаулар табылған жағдайда, жөндеу жұмыстары аяқталған соң қосылады.
Ыстық суды қосу мерзімі көрсетілген үйлер тізімі сынақтар өткізілгеннен кейін жарияланады.
Қосымша ақпарат пен ескертулер бойынша «ПТС» диспетчерлік қызметіне 8 (7182) 57-07-51, пайдалану ауданына 8 (7182) 63-01-13 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.