Павлодарда жедел әуе тасымалы арқылы шұғыл рейс орындалды

Павлодарда жедел әуе тасымалы арқылы шұғыл рейс орындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұшу медицина мамандарының бақылауымен өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. 1992 жылғы ер адамға шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілу үшін жеткізілді.

Ұшу медицина мамандарының бақылауымен өтті, пациенттің жағдайы Павлодар қаласының дәрігерлеріне берілгенге дейін бақыланды.

Операцияны тәжірибелі экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Дулат Ахметов, екінші ұшқыш Азамат Қабден, бортмеханик Мұхтар Жаумбаев, инженерлер Александр Альмухамедов және Темірлан Сибагатов орындады.

Мамандардың үйлесімді жұмысы мен жоғары дайындық деңгейі санитарлық рейстің қауіпсіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етті.