Павлодарда жол апатынан зардап шеккен үш жасөспірімнің жағдайы белгілі болды
Олардың бірі ауруханаға жатқызылып, ота жасалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
10-11 шілде күндері Павлодарда болған жол-көлік оқиғаларынан үш кәмелетке толмаған тұрғын зардап шекті.
Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 10 шілдеде Теміржол кентінде жаяу жүргіншілер өткелінде мотоцикл қыз баланы қағып кеткен. Ата-анасының айтуынша, оқиға жаяу жүргіншілер жолағында болған.
– Бала жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер оған сол аяқ жіліншігінің төменгі бөлігіндегі екі сүйектің ығысқан жабық сынуы диагнозын қойды. Қазіргі уақытта ота жасау жоспарланған. Науқастың жағдайы – орташа ауыр, – деді аурухананың баспасөз қызметшісі Камила Даирова.
11 шілдеде Российская көшесінде 14 жастағы жаяу жүргінші қатысқан жол апаты болды. Травматологтың тексеруінен кейін жасөспірім амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Дәрігерлер оның білегі, алақаны, сол жақ саны мен тізе буындарының жұмсақ тіндері көгергенін, сондай-ақ оң жақ бетінде тері астына қан құйылғанын анықтады.
Сол күні сағат 11:00 шамасында автокөлік 17 жастағы қызды қағып кеткен. Тексеру нәтижесінде оған сол жақ иығының жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылып, амбулаторлық бақылауға жіберілді.