Павлодарда зейнеткерді өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде
Күдікті ұсталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
БАҚ-та облыс орталығының тұрғыны өзінің жұбайын пышақтады деген ақпарат жарияланды. Қылмыс 1 қазанда жасалған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады.
– Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды, – деді департаментте.
Күдікті Павлодар қаласы полиция бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.