Павлодарда көктайғаққа қарсы инертті материалдар себілуде (ВИДЕО)
Қар шығару жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстарды жүргізуге 22 бірлік арнайы мамандандырылған көлік және 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен ауа райының қолайсыздығына байланысты қар шығару жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарына көктайғаққа қарсы инертті материалдар себілуде, сондай-ақ аялдама павильондары мұздан тазартылуда, – дейді қалалық әкімдікте.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтардан бастап қаланың жеке секторының көшелерінен қар шығару жұмыстары басталған. Облыс әкімі Асайын Байханов жыл сайын су басып қалатын Екінші Павлодар шағын ауданына ерекше назар аударуды тапсырды.
Өңірде ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram