20 қарашада Павлодар облысында түнде аяз болады
Өңірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, өңірде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болжанбайды. Түнде ауа температурасы -3…-13 градусқа дейін төмендеп, күндіз 0…+5 градус шамасында болады.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -8…-10 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы -1…+1 градус шамасында болады. Қалада көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Кей уақытта тұман түсуі мүмкін.