Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды

Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 17 сәуір күні сағат 9:00-ден 18 сәуір күні 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау қызметі өшіріледі:

  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 40, 38, 32, 30, 36 (№19 балабақша);
  • Ак. Бектұров көшесі, 115, 109, 111;
  • Кривенко көшесі, 49, 8 канализациялық сорғы станциясы.

Судың өшірілуі мердігер «АСКАДИ» ЖШС Мәшһүр Жүсіп көшесі, Толстой көшесінен Олжабай батыр көшесіне дейін «Рахмет» базарының ауданында 500 миллиметр ХПВ магистралды су құбырын қайта құру жұмыстары себебімен жүргізіледі.