Павлодарда қазақ драматургиясының пионері орысша «сөйледі»

Павлодарда қазақ драматургиясының пионері орысша «сөйледі»
Фото: автор

Осылайша кітап аудармасының авторы кіші Отанына құрмет көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақ халық театрының негізін қалаушы Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» кітабының тұсаукесері өтті. Шығарма алғаш рет орыс тілінде жарық көрді, оның авторы – алматылық Қайрат Есжанов (Есенаман).

– Мен өзім Баянауыл ауданынан, Қаржас руынанмын. Әкемнің қызметіне байланысты отбасымыз басқа қалаға көшуге мәжбүр болды. Ұзақ жылдар түрлі қызметте істедім, бірақ атақты жерлесіміз Қалмұқан Исабаевтың кітабын оқығаннан кейін әдебиетке деген ғажап құмарлықты алғаш рет сезіндім. Әдеби өмірім оның кітаптарын орыс тіліне аударудан басталды, – дейді Қайрат Есжанов.

Автор аударманы орыстілді оқырманды қазақ әдебиетінің жауһарларымен, әсіресе, жастарды таныстыру үшін қолға алған. Жазушының павлодарлық әріптесі Серік Сатыбалдин «Арқалық батыр» кітабының аудармасына жоғары баға беріп, Қайрат Есжановтың еңбегі зор екенін атап өтті.

– Жұмат Шанин – қазақ драматургиясының бастаушысы, оның кітабының аудармасы – әдебиетке, жастар тәрбиесіне қосылған аса маңызды үлес, – дейді Серік Сатыбалдин. – Кезінде ұлы Константин Станиславский Жұмат Шаниннің еңбегін кейінгі ұрпақ бағалайтынын атап өткен. Ол: «Сіз болашақта есте қаласыз. Сіз үлкен рухани мұра қалдырдыңыз. Тұтас бір халықтың жаңа мәдени өмірінде, дамуында ізашар болу мүмкіндігі кез келген адамға беріле бермейді. Ал бұл кез келген адамның қолынан келе бермейді, бірақ сіз жасадыңыз».

«Арқалық батыр» кітабы бірден қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Кітапты шығаруға бөлінген қаржының қомақты бөлігін автордың өзі көтерген. Таралымы – 500 дана.