Павлодардағы емханалардың біріне жедел саты салыну мәселесі қаралуда

Павлодардағы емханалардың біріне жедел саты салыну мәселесі қаралуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Бұл ғимарат – өткен ғасырдың 70-жылдары салынған №5 қалалық емхана, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Кучуков аталған емханаға арнайы барып, мекеменің бүгінгі тынысымен танысты.

- Бүгін облыстағы ең көне медициналық ұйымдардың бірі – №5 қалалық емханаға бардым. Медициналық мекеменің техникалық жағдайы тұрғындар тарапынан орынды сұрақтар туындатып отыр. Емхана 52 мыңнан астам адамға, оның ішінде шамамен 10 мың балаға қызмет көрсетеді. Мұнда медициналық кадрлар жеткілікті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс көрсеткіштері жаман емес, - деді басқарма басшысы. 

Ермек Кучуков бұған дейін облыс әкімімен өткен жыл сайынғы кездесуде ғимаратта жедел сатының болмауы жағдайында күндізгі стационардың бесінші қабатта орналасуы қарт жастағы науқастар мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар адамдарға қолайсыздық туғызатыны айтылғанын атап өтті.

Аталған мәселені шешу мақсатында бүгінде күндізгі стационар екінші қабатқа көшірілген. Ал жедел саты салу және ғимаратты жөндеу мәселелері өзекті болып қала беретіні және белгіленген тәртіппен қаралатынын ескертті.