Павлодарлықтарды жатыр мойны обырының алдын алу үшін тегін тексерілуге шақырады
Өңірдегі онкологиялық орталық кең ауқымды акция ұйымдастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
31 қаңтар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Жатыр мойны обыры туралы хабардарлық айлығына орайластырылған Ашық есік күні өтеді.
– Барлық ниет білдірушілерді онкогинекологтан тегін және алдын ала жазылусыз кеңес алуға шақырамыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет. Тексерілуден өту – қауіпті дерттің алдын алудың немесе оны ерте сатысында анықтаудың ең тиімді жолы, – деді облыстық онкологиялық орталықтың баспасөз қызметі.
Мекенжайы: Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусы.
Байланыс телефондары: 8(7182)66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.