Павлодарда қыркүйектің соңғы күні аздаған жаңбыр болады
30 қыркүйек күні желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді.
Түнде жауын-шашын болмайды. Аймақтың солтүстігі мен шығысында тұман болуы мүмкін.
Ауа температурасы +4...+9 °C. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа +12...+17 °C дейін көтеріледі.
Павлодар аспаны көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде + 5... + 7 °C, күндіз + 15...+17 °C.