Павлодарда «Мәшһүр Жүсіп оқулары» өтті
Қалалық байқауға оқушылар мен жас ұстаздар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәлімдеуінше, шара мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын жұртшылық арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
- Байқау Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітімен бірлесіп ұйымдастырылды. Конкурсқа қатысушылар 3 тапсырма бойынша сыннан өтті. Жалпы өз білімін, өнерін көрсетуге 14 адам қатысты, олардың ішінде мектеп және колледж оқушылары мен жас ұстаздар бар, - делінген хабарламада.
Дода нәтижесінде бас жүлдені Павлодар қаласы №25 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айзере Мұстахым, І орынды Павлодар қаласы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Шұғыла Медеу, ІІ орынды Ленин кентінің №31 жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Жасмин Абельдинова, ІІІ орынды Ленин кентінің №31 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Гауһар Сағиева және Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп атынлағы мектебінің 10-сынып оқушысы Ділназ Қуанышбай еншіледі. Ал Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы мектептің мұғалімі Толғанай Бәкібай «Жас талап» аталымына ие болды.
Конкурс жүлдегерлері диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.