Павлодарда құрылыс құмы өндіріледі
«Alatau Invest Group» ЖШС «Павлодар оңтүстік-батыс» кен орнында құрылыс құмын өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Аталған учаске Павлодар қаласының шығыс шетінде орналасқан.
Өтінішті https://ecoportal.kz/ «Қоғамдық талқылаулар» тақырыбында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-tabigat/activities/directions?lang=ru сайттарынан табуға болады.
«Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында 2023 жылдың 11 тамыздан, пікірлер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы мерзімі – ағымдағы жылдың 10 қыркүйегіне дейін.
Пікірлер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаменті, pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті), телефон +7(7182) 532354 қабылдайды.