29 маусымда Төтенше жағдай министрі Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі
Кездесуден кейін министр азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2023 жылғы 29 маусым күні сағат 11:30-да Павлодар қаласындағы «Достық» үйінде (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1) Төтенше жағдайлар министрінің Павлодар облысының халқымен кездесуі өтеді.
- Шарадан кейін министр азаматтарды жеке қабылдайды. Министрдің халықпен кездесуіне қатыса алмайтын азаматтар сұрақтарын «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы қоя алады, - деді министрліктің баспасөз қызметінде.
Ақпараттық жүйеде өтініштерді тіркеу кезінде «Халықпен кездесу» тақырыбын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақты жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.
Фото: ТЖМ