Павлодарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірыңғай қабылдау күнін өткізеді

Павлодарда құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірыңғай қабылдау күнін өткізеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл жыл сайынғы «зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында өткізілетін шара, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Акцияның шеңберінде облыс орталығында мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және облыстық  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссиясының өкілдерінің қатысуымен бірынғай қабылдау күні ұйымдастырылады. Ол 27 қараша күні сағат 15: 00-де Павлов көшесі, 48 мекенжайында орналасқан ХҚКО-ның ғимаратында өтетін болады.

Акцияның негізгі мақсаты –халықты мемлекет пен қоғам қабылдап жатқан зорлық-зомбылықтың жолын кесу шараларымен таныстыру, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, отбасын нығайту және қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру.

Толық ақпаратты 32-40-77, 8 (747) 426-62-39 телефондары арқылы алуға болады.