Павлодарда кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді
Дөңгелек үстелде өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушев Павлодар облысы «Атамекен» ӨКП директоры Ерқанат Әбеновтың басшылығымен Құқықтық статистика және есеп комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп өткізілген кәсіпкерлік кездесуге қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы – 2019 жылы Мемлекет басшысы қабылдаған 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийдің қолданылуы аяқталғаннан кейін ҚР қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу болды.
Сондай-ақ, Құқықтық статистика және есепке алу Комитетінің департаменті кездесуге қатысушыларға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тіркеу және тексеру жүргізу үшін талаптар мен негіздемелерді, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес олардың негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.
Айта кетейік, аталмыш іс-шара «сұрақ-жауап» форматындағы өзекті тақырыптар бойынша диалогпен аяқталды.