Павлодарлықтарға көктайғақ кезінде жарақаттың алдын алу шаралары айтылды
Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуде бірнеше қағидаттарды ұстануы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының еңбек басқармасы суық ауа райының басталуына байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын, оның ішінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуге міндетті екендігін ескертеді.
Жұмысшы көктайғақта жарақат алмас үшін бірнеше қарапайым ережелерді ұстанған жөн:
- ⠀⠀Жұмысшының аяқ киімі мен сыртқы киімі ауа райына сай болуы тиіс.
- ⠀⠀Қауіпті, сырғанайтын мұз жерден секіруге тырыспау керек. Қысқа қадаммен жылжып өткен дұрыс.
- ⠀⠀Құлаған кезде бүкіл денемен емес, отырып қалуға тырысу қажет.
- ⠀⠀Құлап қалған жағдайда қатты ауырсыну сезінгенде өздігінен тұрмауға кеңес беріледі.
- ⠀⠀Егде жастағы адамдар мұзға қосымша тірекпен – резеңке ұшы бар таяқ немесе шаңғы таяқшамен, не болмаса үшкір арнайы таяқшамен жүруге кеңес беріледі.
- ⠀ Жолдан өтіп бара жатқанда, асықпай, қатты жүгіріп, өтпеу керек.
– Егер жұмыс беруші еңбек жағдайларын, оның ішінде қауіпсіз жүріп-тұруды қамтамасыз етпесе, сіз облыстық еңбек басқармасына жүгіне аласыз,– деді басқармада.
Жұмыскерлер жазбаша өтіншті «e-өтініш» арқылы жібере алады. Сондай-ақ, 8 (705) 609-29-89 WhatsApp мессенджері арқылы хабарласуға болады