Екібастұзда тәуекел топқа жататын балалар қадағалануда

Екібастұзда тәуекел топқа жататын балалар қадағалануда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

5700-ден астам отбасын уақтылы тексеріп тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиеваның айтуынша, өткен жылдың ішінде 1263 рейд жасалған. Ал оның ішінде 48 ауылдық мекендерде рейд жүргізілді.

–  Бұл рейдтің ең басты мақсаты – қолайсыз отбасылар ғана емес, басқа да тәуекел аймағына жататын отбасылардың санын іріктеп, олардың тізімін қалыптастырып,  әрі қарай жұмыс істеу, – дейді Бибігүл Иманғалиева.

Оның айтуынша, тәуекел аймағында ауылдық мекендерде 300-ден астам отбасы қамтылады.

Тәуекел аймағына жататын отбасыларға ата–анасы ішімдікке бейім, өгей әке–шешемен тұратын және өз ата– анасы басқа жаққа көшіп кетіп, ата–әжелерімен бірге тұратын балалар кіреді.

–  Балаларды отбасына профилактикалық тұрғыда отбасына барып тексеріп отырамыз. Бұл біз үшін қазіргі уақытта ыңғайлы әрі тиімді механизмдердің бірі деп ойлаймын, – деді ол.

Оның айтуынша, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелерімен өткен жылы 101 жеке іс- шараны қараған. Осы шаралардың ішінде ең басты өзекті мәселелердің бірі ата- анамен баланың арасындағы қарым қатынасты қалыптастырудың маңыздылығын түсінген. Сонымен қатар, ішімдікке салынған ата–аналар екінші орында тұрады, үшінші орында жауапкершілігі жоқ ата–аналар болып есептеледі. Комиссия мүшелерімен жалпы мәселелерді қарастырады.

Осы жылдың бастапқы айында ашық форматта тікелей эфир жүргізген. Персоналдық деректерді сақтау мақсатында жеке істерді жабық форматта қарайды.