Павлодарда үй жанды

Төтеншеліктер өрт сөндіру кезінде үйден бес газ баллонын шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурыз күні сағат 05.46-да Смоленск көшесіндегі үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен. Өрт кезінде екі ересек және бір бала өз бетінше эвакуацияланды.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 60 шаршы метр алаңда өртенген шаруашылық құрылыстары мен екі пәтерлі үйді сөндіруге кірісті.
Тілсіз жау сағат 06.52-де толықтай сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.