Павлодарда өрт кезінде ер адам көз жұмды

Павлодарда өрт кезінде ер адам көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпан күні сағат 12:48-де Екінші өткел көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен төрт техника мен жеке құрамнан 16  адам жіберілді. 

– Оқиға орнына жеткенде жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер барлау барысында 1985 жылғы ер адамның денесін анықтады. Қайтыс болған тұрғынның жеке басын анықтау жұмысы жүргізілуде, – дейді департаментте.  

Төтенше жағдайлар басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.