Павлодардағы ERG кәсіпорындары экологиялық жаңғырту нәтижелерін көрсетті

Павлодардағы ERG кәсіпорындары экологиялық жаңғырту нәтижелерін көрсетті

Мәжіліс депутаттары ERG кәсіпорындарындағы экологиялық бастамаларға өз бағасын берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшелері ERG алюминий дивизионының негізгі кәсіпорындары – «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-на барды.

Павлодар алюминий зауытына келген депутаттар ERG-нің 2030 жылға дейінгі Экологиялық стратегиясы аясындағы жобалармен және галлий өндіру цехының құрылысы жобасымен танысты.

ERG кәсіпорындары Қазақстан экологиялық заңнамасының барлық талаптарын сақтайды. Атмосфераға қатты бөлшектердің шығарылуын 50%-дан астам төмендету мақсатында шаң-газ тазарту жүйелерінің кезең-кезеңімен жаңғыртылуы жүргізілуде. 2020 жылы №1 пеште екі электр сүзгі гибридті сүзгілерге ауыстырылды, ал 2024 жылы №4 пешке жаңа №7 және №8 сүзгілер орнатылды. №6 пештегі жұмыстар 2026–2027 жылдарға жоспарланған.

– Егер біз газ тазарту жүйесін терең жаңғыртумен айналыспағанда, біздің шығарындылар боксит пен агломерация процесінің әсерінен бурыл түске ие болар еді – бұл боксит пен жентектеу процесінің әсері. Қазір біз пештерге ылғалдылығы 56%-ға дейін жететін шикізатты жіберіп отырмыз, сондықтан мұржалардан түтін емес, бу шығады. Біз біріктірілген сүзгі жүйесін орнаттық: электрсүзгілер мен жеңді сүзгілер. Жүйеге кірген кезде – ауаның 1 текше метріне 262 грамм қатты бөлшектен келетін болса, шыққанда бұл көрсеткіш 0,1 миллиграмды құрайды. Бұл ерекше көрсеткіш болып табылады және тіпті еуропалық стандарттардан да төмен. Экологиялық кодексте талап етілген ең үздік қолжетімді технологияларға көшу үшін тек қана алты пешті жаңғыртуға 20 миллиард теңгеден астам қаржыға инвестиция жасадық, – деді «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның бас директоры Владимир Красноярский.

Зауыттың диспетчерлік бөлімінде депутаттарға барлық түтін мұржаларына орнатылған сүзгілер мен автоматтандырылған бақылау жүйелерінің (АБЖ) жұмысы мониторлар арқылы көрсетілді. АБЖ «Қазақстан алюминийі» АҚ электр станциясының үш шығарындылар көзінде де орнатылған.

Осы жерде парламент депутаттарына №6 қазандық агрегатына орнатылған Redecam фирмасының жаңашаң жинайтын жеңді сүзгісінің жұмысы таныстырылды – жоба құны 4 млрд теңгеден асты.Экостратегия аясында қаржыландырылатын дәл осындай жаңғырту жұмыстары келесі жылдары басқа қазандық агрегаттарда да кезең-кезеңімен жалғасады. Әр құрылғыда шығарындыларды жылына шамамен мың тоннаға дейін төмендету жоспарлануда.

Сапар Қазақстан электролиз зауытында жалғасты. Мұнда депутаттар Павлодар алюминий зауытынанжеткізілетін глиноземнен алюминий өндірупроцесімен танысып, дайын өнім – ыстық алюминий құймаларын көрді.

Экологиялық ұстанымдар бойынша өз пікірімен ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин бөлісті. 

Оның айтуынша, Павлодар облысына сапардың мақсаты – тексеріс қана емес, сонымен қатар Экологиялық кодекс талаптарының өңірлерде қалай жүзеге асып жатқанын терең талдау.

– Көріп отырмыз, бірқатар кәсіпорындар – соның ішінде Павлодар алюминий зауыты мен ERG тобының жылу электр орталығы – қазіргі заманғы экологиялық технологияларды белсенді түрде енгізіп жатыр: автоматтандырылған бақылау жүйелері, жең сүзгілері орнатылып, шығарындылармөлшері төмендеуде. Қазір біз мамандармен, өндіріс өкілдерімен бірге қандай нормаларды жетілдіру керек, заңнамаға қандай өзгерістер енгізу қажет екенін талқылап жатырмыз. Бұл тұрғыда біздің сапарымыз жақсы тәжірибе болады деп ойлаймын. Әкімдік, мәслихат депутаттары, өндіріс өкілдері тарапынан ұсыныстар жинап, әрі қарай жұмыс істейтін боламыз. Қазір біздің комитетте газ, экология, жер қойнауын пайдалану бойынша көптеген заң жобалары қаралуда. Қажет болған жағдайда тиісті өзгерістер енгіземіз, – деді Еділ Жаңбыршин.

 

Комитет төрағасы әсіресе Қазақстан электролиз зауытына ерекше тоқталды.

– Бұл Қазақстандағы үлгілі кәсіпорындардың бірі деуге болады. Барлық кәсіпорындар экологияға қаражат салуды үйренуі керек. Ескі технологиялардан бас тартатын кез келді. Өйткені бұл бірінші кезекте халықтың денсаулығына әсер етеді. Өз технологиялары мен өндірісін жаңғыртуға қаржы салудың уақыты келді, – деп пікір білдірді Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, Павлодар алюминий зауыты, электролиз зауыты және электр станциясының түтін мұржаларына орнатылған АБЖ арқылы шығарындылар көлемі мен олардың нормативтері туралы мәліметтер онлайн режимде Экология министрлігіне жолданып, сол жерде тіркеледі.