Павлодарда онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді
Шара меланома, тері және қалқанша безі қатерлі ісіктерін ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық онкологиялық диспансері баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылдауға барлық ниет білдірушілер шақырылады.
– Қатысу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Келушілерден өзімен бірге жеке куәлігін алып келу сұралады, – делінген хабарламада.
Іс-шара сенбі, 2026 жылғы 30 мамыр күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.
Өткізілетін орны: Павлодар қаласы, Российская көшесі, 57/3 құрылыс, А корпусы.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.