Павлодарда 100 аула асфальтталып, жаңа ойын алаңдары салынады

Павлодарда 100 аула асфальтталып, жаңа ойын алаңдары салынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазір 12 балабақша мен 8 медициналық мекемеде жұмыстар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

- Облыс орталығындағы абаттандыру барысын тексердім. Биыл 100 аула асфальтталады. Сонымен қатар, ойын кешендерін орнатып, шағын саябақтар мен спорт алаңдарын ретке келтірудеміз, - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы қазіргі таңда әлеуметтік нысандар аумақтарын жаңарту жалғасып жатқанын атап өтті. Бүгінде 12 балабақша мен 8 медициналық мекемеде жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Сонымен қатар, қаладағы 22 балабақшаға 225 жаңа ойын кешені орнатылады.

- Бұдан бөлек, спорт инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлудеміз. Орталық стадионда футбол алаңының жаңа жабыны төселіп, суару жүйесі жаңғыртылып, спорт залдары жаңартылуда. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған «Сарыарқа» қосалқы станциясын қалпына келтіру және кварталішілік жылу желілерін қайта құру барысымен таныстым. Алғаш рет біз тек тозуды тежеумен шектелмей, оны 5%-ға төмендетуге қол жеткіздік. Бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастырамыз, - деді Хасар Хабылбеков.

Қала әкімі жауапты мамандарға сапаны қатаң бақылау жөнінде тапсырма берді.