«Ертіс» жеңілістен аман қалды: Қызылордадағы тартысты матч тең аяқталды
Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында ақтаулық «Каспий» мен павлодарлық «Ертіс» Қызылордада кездесіп, жанкүйерлерге тартысқа толы матч сыйлады — 2:2, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Турнир кестесінің төменгі бөлігінде келе жатқан ақтаулықтар биыл біраз команданы әбігерге салған еді. Олар бұған дейін сырт алаңда «Астана» мен семейлік «Елімай» клубтарын жеңіп, сенсациялық нәтижелерге қол жеткізген. Сондықтан павлодарлық жанкүйерлер бұл кездесуді белгілі бір алаңдаушылықпен күткені анық.
Дегенмен матчты өте белсенді бастаған — дәл «Ертіс» болды. Бес дүркін Қазақстан чемпионы ақтаулықтардың қорғанысын бірнеше рет оңай бұзып өтті. Алайда соңғы соққыда дәлдік жетіспеді. Айқын мүмкіндіктерді Павел Седько, Вячеслав Швырев және Владислав Климович мүлт жіберді.
Ал «Каспий» бірінші таймда аса белсенді көрінген жоқ. Бірақ ойын тағдырына төреші Арман Есмұратов ықпал етті. Ол Идрис Умаевқа қарсы ереже бұзылды деп, даулы пенальти белгіледі. Сол Умаевтың өзі 11-метрлік айып добын сәтті орындап, есеп ашты — 1:0.
Екінші таймның басында Жан-Морель По ақтаулықтардың айып алаңына қақ жарып кіріп, допты қақпа торына тоғытты — 1:1.
Бірақ үзілістен кейін «Каспий» мүлде басқа қырынан көрінді. Ақтаулықтардың шабуылдары жиілеп, қауіпті бола түсті. Осындай шабуылдардың бірінде павлодарлық қорғаушылар позициялық қателікке жол беріп, оны Бақдәулет Зүлфиқаров суыққанды пайдаланды — 2:1.
Матч аяқталуына небәрі жеті минут қалған сәтте тағы да Жан-Морель По көзге түсті. Кот-д’Ивуарлық футболшы дубль авторы атанып, «Ертісті» жеңілістен құтқарып қалды — 2:2.
По соңғы матчтарда қақпаға деген жоғары ұмтылысын әрі нәтижелілігін көрсетіп жүр. Сондықтан бапкерлер штабы оның шабуыл шебіне толыққанды ауысуы жайлы ойлануы мүмкін.
Келесі кездесуін «Ертіс» 27 мамыр күні «Астана Арена» стадионында өткізеді. Павлодарлық клуб «Ұлытау» командасымен